ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
АКАДЕМИК Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗ
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1.Қ.И.Сатбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжіне жаңа оқу жылына қабылдау ережелері келесі талаптарға сай құрастырылған: 2007 жылдың 27 шілдесі қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2016 жылғы 9 сәуірдегі өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес), оқу орындарына қабылдаудағы типтік ережелер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау бағдарламалары, 2012 жылдың 19 қантарындағы Қазақстан Республикасының басқармасымен қабылданған №130, қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім мекемелеріне оқуға қабылдау» Үлгілік ережелеріне және Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы мамырдың 28-і № 153/5 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес оқуға қабылдау тәртібін орнатады, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 882 қаулысы, Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығы бойынша.
МЕБМ Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжіне негізгі жалпы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімдері бар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ұлты қазақ тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары емес тұлғалар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдайды.
3. Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 бабының 8 тармағына сәйкес 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді:
1) І, ІІ топтаға мүгедектерге, бала жастан атанған мүгедектерге, бала-мүгедектерге -1 пайыз;
2) соғыс қатысушыларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектерi жеңiлдiктерге және кепiлдiктер бойымен теңестiрiлген тұлғалар
3) Ауылдың экономикалық және әлеуметтік жағдайын көтеру барысындағы жастарға – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақтарға -2 пайыз;
5) Жетім баларға және ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларға – 1 пайыз.
4.Техникалық және кәсіби (бастапқы кәсіби мен орта кәсіби), жоғары (жоғары кәсіби) білімі бар азаматтар ЕИТИ колледжіне оқуға қабылдану үшін емтихан (тест) тапсырады.
Академик Сәтбаев атындағы Екiбастұз инженерлiк-техникалық институтының колледжi келесi мамандықтар бойынша қабылдау жүргiзедi:
Мамандықтың коды/ Мамандық атауы/ Біліктілік/ Оқыту мерзімі/ (б.9/б.11)
0515000 «Менеджмент (қолдану аясы және салалары бойынша)» 0515013-Менеджер 2ж.10 ай/1ж.10 ай
0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша) 0518033-Экономист бухгалтер 2ж.10 ай/1ж.10 ай
0706000 Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу 0706203-Техник-технолог 2ж.10 ай
0707000 Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 0707193-Электр механигі 3ж.10 ай/2ж.10 ай
0711000 Маркшейдерлік іс 0711033-Техник-маркшейдер 3ж.10 ай/2ж.10 ай
0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) 0901043-Техник-электрик 3ж.10 ай/2ж.10 ай 090101 2 - Электромонтер (барлық атаулар) 2ж.10 ай/1ж.10 ай 090102 2 – Электр станцияларындағы электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр темірұстасы 2ж.10 ай/1ж.10 ай
0907000 «Техникалық жылу жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» 0907033-Техник-теплотехник 3ж.10 ай/2ж.10 ай 090702 2 – Қазан және шаң даярлайтын цехтар жабдығын жөндеуі бойынша слесарь 2ж.10 ай/1ж.10 ай 090701 2 – Жылу жүйелерінің жабдығын жөндеу слесарі 2ж.10 ай/1ж.10 ай
1108000 Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) 1108183-Техник-электромеханик 3ж.10 ай/2ж.10 ай 110803 2 - Вагондарды жөндеу слесарі 2 жыл 10 ай 110814 2 - Электр жабдықтарын жөндейтін слесарь-электрик 2 жыл 10 ай
1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) 1014023-Техник-механик 2ж.6 ай
1201000 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 1201123-Техник -механик 3ж.10 ай/2ж.10 ай 120107 2 – Автокөлікті жөндеу слесарі 2ж.10 ай 120109 2 – Көліктерді жөндеу шебері 2ж.10 ай
1203000 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 1203093- Тасымалдауды ұйымдастырушы техник 3ж.10 ай/2ж.10 ай 120301 2 - 4-ші және 5-ші кластардың теміржол стансасының кезекшісі 2 жыл 10 ай /1 жыл 10 120308 2 - Тасымалдау құжаттарының операторы 2 жыл 10 ай / 1 жыл 10
1303000 Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару 1303043-Электр механигі 3ж.10 ай/2ж.10 ай 130302 2 - Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызметкөрсету және жөндеу электр монтері 2 жыл 10 ай/ 1 жыл 10
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 1304043-Техник-бағдарламашы 3ж.10 ай/2ж.10 ай 130401 2- Санды ақпараттарды қайта өңдеу маманы 2ж.10 ай 130408 2 – Сандық және электронды құрылғыларды, компьютерлік желілердің жөндеуші 2ж.10 ай
1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401213-Техник-құрылысшы 3ж.6 ай/2ж.6 ай
Жаңа оқу жылына оқушыларды колледжге қабылдау жоспары Ереженің 1 және 2 қосымшылары арқылы анықталады.
2.Құжаттарды қабылдауды және кіріспе емтиханды ұйымдастыру
5. Сәтбаев атындағы Екiбастұз инженерлiк-техникалық институтының колледжiнде азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау, кiрiспе емтихандарын өткiзу және оқушылар құрамына алу жұмыстарын өткiзу үшiн қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын маусымның 1-інен бастайды.
6. Азаматтарды оқуға қабылдау бойынша қабылдау комиссиясы аймақтарға шығуды ұйымдастыру жұмысын құрылтайшымен келісіп шешеді.
7. Колледжге түсушi азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау күндізгі бөліміне маусымның 20-сынан тамыздың 20-сына дейiн, ал сырттай оқу бөлiмiне маусымның 20-сынан қыркүйектiң 20-сына дейiн жүргiзiледi. Кiрiспе емтихандар күндiзгi оқыту түрiне тамыздың 1-інен 28-іне дейiн, ал сырттай - тамыздың 1-інен қыркүйектiң 25-іне дейiн өткiзiледi.
8. Оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішпен бірге білімі туралы құжаттың түпнұсқасын көшірмесін бірге, №086-У үлгісіндегі медициналық анықтамасын (І және ІІ топтағы мүгедектер мен жастайынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сарап комиссиясының қорытындысы), 3*4 көлеміндегі 4 фотосурет, осы жылы бітірген түлектерге ҰБТ нәтижесі бойынша берілген мемлекеттік сертификат немесе кешенді тестілеудің сертификаты.
Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжатты оқуға түсушінің өзі, не оның ата- анасы немесе заңды өкілдері көрсетеді.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР тұрақты тұратындығы жөнінде құқығы барлығы туралы құжатты тұрған жерінде тіркелгендігі туралы белгісімен көрсетуі керек:
1. шетелдік – шетел азаматының ҚР – да тұруға ниеті;
2. азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3. босқын – босқынның куәлігі;
4. пана іздеуші адам - пана іздеуші адамның куәлігі;
5. оралман- оралманның куәлігі не миграциялық карточкасы.
Оқыту түрі бойынша тіркеу журналдарына өтініштер тіркеледі.
Колмплексті тесті тапсырған оқушылар (өткен оқу жылының оқушыларымен осы жылы комплексті тесті өткен рқушылар) сертификаттарын немесе ҰБТ тапсырған сертификаттарды (осы оқу жылында тапсырған ұлттық біріңғай тест) ағымдағы тестен босатылып, конкурска ережелермен 15 бөлім бойынша өтеді.
9. Кәсіптік оқыту мен техникалық бағдарлама бойынша оқуға түсу, орта білімді мамандық иелерін даярлайды және келесі емтихандар қабылданады:
1. Жалпы орта білім үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандық бойынша пән);
2. негізгі орта білім бойынша екі пән (қазақ тілі мен орыс тілі және мамандық бойынша пән);
3. техникалық және кәсіптік, жоғары білім, орта –арнайы білім, мамандыққа сай емес (мамандық бойынша пән);
4. техникалық және кәсіптік, жоғары білім, орта –арнайы білім, мамандыққа сай (емтихан сұбхат жүргізу ретінде өткізіледі);
Қабылдау емтихан өткiзу үшiн комиссиясы құрылады.
Білім бағдарламаларымен техникалық және кәсіптік оқуға түсетін түлектер, көп мамандықты және терең білім беретін мамандық бойынша емтихан сұхбат түрінде жүргізіледі.
Қабылдау емтиханның түрi: тестiлеу. Түсушiлер кiрiспе емтихандарын қазақ немесе орыс тiлдерiнде тапсыруға құқығы бар.
Негізгі ережелер бойынша Қосымшаға сәйкес кәсіптік және техникалық мамандықтары бойынша жалпы-негізгі пәндер өткізіледі.
10. Кіріспе емтихандардың түрі негізгі орта және жалпы орта білім бойынша 12 бөлімде көрсетілген.
11. Орта буын мамандардың дайындығын қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін кіріспе емтихандар күндізгі оқыту түріне – 1 тамыздан 28 тамызға дейін, сырттай оқыту түріне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізілді.
Қабылдау емтиханын өткізу барасында:
1. Қабылдау емтихан өтуi кезiнде әрбiр пәннен тестiлеу сұрақтарының саны – 25. Тесттiң әрбiр дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Үш пән бойынша тестiлеуге 2 сағат 15 минут уақыт бөлiнедi, ал екі пән бойынша- 1 сағат 30 минут. Дұрыс жауаптардың кодтары емтихан аяқталған соң iлiнедi. Тестiлеудiң қорытындысы сол күнi жарияланады.
2. Пән бойынша емтихан алынып, «3», «4», «5» бағалары қойылып, қабылдау комиссиясы бойынша ұпайланады «3» - 8 ұпай, «4» - 17 ұпай ал «5» - 25 ұпай
12. Барлық талаптарды сақтау мақсатымен және тестiлiк сұрақтардың пән бойынша талас мәселелерiнiң шешу, оқуға түсушiлердiң құқығын қорғау үшiн шағым комиссиясы құрылады . Тестiлеу қорытындысымен келiспеген азаматтар шағымға беруге құқығы бар.
Шағым туралы арыз кiрiспе тестiлеудiң қорытындысы жарияланғаннан кейiн бiр тәулiк мерзімі iшiнде қабылдау комиссиясына берiледi. Содан соң шағым комиссиясы өтiнiш берушiмен бiрге қарастырып, шешiм қабылдайды.
13. Тестiлеудi пәндер бойынша қайта тапсыруға болмайды.
3. Оқушылардың құрамына қабылдау
14. Қ.И.Сатбаев атындағы Екібастұза инженерлік-техникалық институтының оқушылар құрамына қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Конкурстың өткiзiлуi: осы жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша берiлген сертификаттың баллдарына сәйкес; жоғары оқу орындарына түсушiлерге арналған кiрiспе емтихандағы кешендiк тестiлеу қорытындысы бойынша сертификаттың баллдарына сәйкес; ЕИТИ колледжiнде өткiзiлген тестiлеудiң қорытынды баллдарына сәйкес.
Конкурсты өткiзу кезеңiнде осы ереженiң 12 пунктiне сәйкес ҰБТ сертификатының немесе кешендiк тестiлеудiң үш пәнi бойынша баллдар жиынтығы есептеледi.
Оқушылар құрамына келесі талаптарға сай қабылданбайды:
1) Негізгі орта білімі бар оқушыларға екі пән бойынша экономикалық мамандықтарға қабылдау 25 ұпайдан кем емес, ал басқа мамандықтарға 20 ұпайдан кем емес.
2) Жалпы орта білім бар оқушылар үшін үш пән бойынша 30 ұпайдан кем алған.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдаудың конкурстық ережелері сай болу қажет.
Орта буын мамандықтары бойынша дайындық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылар құрамына қабылдау келесі бойынша қарастырылады:
1) Күндізгі оқуға – 25 тамыздан 30 тамыз аралығында.
2) Кешкі және сырттай оқуға – 15 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында.
15. ЕИТИ колледжiне есепке алу қабылдау комиссиясының ашық отырысында қаралып, мамандықтар, бөлiмдер және оқу тiлдерi бойынша бөлек-бөлек өткiзiледi.
16.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай қабылдау комиссиясының негіздері:
1) адам құқығы мен конституция ережелерін сақтау.
2) барлық тұрғындарға қолжеткізерлік білім беру.
3) оқушылартың білім алудағы тең құқығы.
4) мемелекеттік қызмет туралы толық мағлұмат беру.
5) Құжаттардың мазмұны жайлы ақпаратты құпия сақтау, тапсырылған мемлекеттік құжаттардың толық сақталуы.
6) белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет қабылдамаған құжаттарды сақтау.
7) мемелкеттік қызметтің заман талабына сай көрсетілуі.
8) сыпайылылқ пен ұқыптылық.
9) заңдылық
10) сөз мәнерлілігі
11) ашық жарқындылық
17.Академик Сәтбаев атындағы ЕИТИ колледжi Павлодар облыстық бiлiм департаментiне статистикалық есеп бередi, ал қабылдау өткеннен соң он күннiң iшiнде қабылдаудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуi туралы мәтiндi есеп бередi.
18.Бұл Ережеде қарастырылмаған сұрақтарды колледждің қабылдау комиссиясы жеке шешеді.